Иық буынының УДЗ – бұл иық буынының жұмсақ, шеміршек және сүйек тіндеріндегі патологиялық өзгерістерді диагностикалауға қолданылатын заманауи ультрадыбыстық зерттеу әдісі, иық буындарын тиімді және ең бастысы уақтылы емдеу үшін, созылмалы процестердің дамуына жол бермеу мақсатында қолданылады.
Иық буынының УДЗ қауіпсіздігімен, ыңғайлылығымен және қолжетімділігімен ерекшеленеді. Бұл зерттеу түрі арнайы дайындықты қажет етпейді.
Тізе буынының УДЗ – бұл тексеру және дұрыс диагноз қою үшін қолданылатын ақпаратты әдіс. Тізе буынының УДЗ құндылығы осы әдіс арқылы тек сүйек тіндеріндегі патологиялық өзгерістерді ғана емес, шеміршек тіндеріндегілерді де көруге болатындығында. Бұл әдіс ауруларды ерте сатыда уақтылы диагностикалауға мүмкіндік береді. Артроздың бастапқы сатысында немесе менисктің аздап жыртылуында УДЗ-да жақсы байқалады.