Балалар неврологы (невропатолог) – балалардағы орталық және шеткі жүйке жүйесінің ауруларын, сондай-ақ орталық жүйке жүйесінің функционалдық бұзылыстарын диагностикалайтын және емдейтін дәрігер.
Неврологқа жоспарлы қаралу 1 жасқа дейін, сондай-ақ 3 жас, 6, 7 жаста жүргізілуі қажет.
Дәрігер Пасеновтың Медициналық Орталығында неврологқа қаралу баланың орталық жүйке жүйесінің патологияларын уақтылы анықтауға, диагностикалық шаралар жоспарын құруға және тиімді ем жүргізуге мүмкіндік береді.
Қабылдауда невропатолог баланы қарайды. Тексеруден кейін балалар неврологы жүйке жүйесінің ауруы бар-жоғын анықтай алады. Қажет болған жағдайда тиісті ем тағайындайды және ұсыныстар береді.